Қазақстанда орыс тілді мектеп білім сапасын арттыруға қызмет етеді - ПУТИН

Путин Қазақстан Республикасында орыс тілін үйренудің өсіп келе жатқаны қуантатынын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілін үйренушілер өсіп келе жатқанын баяндады.

«Қазақстанда басқа да ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасында орыс тілін үйренудің өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, біз бірлескен білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге ниеттіміз. Мысалы, Қазақстанда мектептер салу және білім беру қызметінің басқа да түрлерін дамыту бойынша жинақталған тәжірибені қолдануға және масштабтауға дайынбыз, бұл Қазақстанда орыс тілді мектеп білімінің сапасын арттыруға қызмет етеді және біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуын куәландыратын маңызды жоба болады.

Орыс әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне аударған қазақ халық ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаев айтқандай, «Жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жету үшін орыс тілі мен орыс мәдениетін білуіңіз керек». Ол оларды «дүниенің кілті» деп атады», - деп мәлімдеді Ресей президенті.

Loading...