Полиция басшысы, генерал Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен қамалды

Бұл туралы Жетісу облыстық Ішкі істер департаменті хабарлады.

Талдықорған полициясының басшысы, генерал Марат Күштібаев ұсталды.

Бұл туралы Жетісу облыстық Ішкі істер департаменті хабарлады.

«Қалалық полиция бастығы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс «лауазымды тұлғаның міндетін атқару кезінде зорлық көрсетуі» бабы бойынша тергеліп жатыр» делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді «ерекше бақылауға» алғанын хабарлады.

Loading...