logo
search
menu

Жауын-шашын, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде көктайғақ, жауын-шашын болады деп күтілуде

23 қазан, 2024
Жауын-шашын, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз

Мазмұны

    "Қазгидромет" РМК мамандары 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Таратылған хабарламада алдағы үш күнде циклонның ықпалында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілуде.

    Мысалы, 24 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауады деп болжануда.

    "Республика бойынша да жел күшейеді, тұман және көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

    Қорытындылай келе, метеорологтар температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін баса айтады.