Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ипотеканы қалай және қай банктен рәсімдеген тиімді?

Ипотеканы артық төлемсіз алуға бола ма?

Ипотеканы қалай және қай банктен рәсімдеген тиімді?
Фото: krisha.kz

Ипотека – тұрғын үй сатып алу үшін ең кең таралған қаржылық құралдардың бірі. Алайда ипотекалық несие бойынша артық төлемдерді азайту үшін бірнеше маңызды факторды ескеру қажет. Бұл мақалада Taulik.kz тілшісі ипотекалық несиені тиімді шарттармен алу жолдары мен оның пайыздық мөлшерлемесін төмендету тәсілдерін айтады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ипотека алуға болатын сегіз банк бар:  

  • Altyn;  
  • Halyk;  
  • Банк ЦентрКредит;  
  • Фридом Банк Қазақстан;  
  • ForteBank;  
  • Нұрбанк;  
  • Евразийский;  
  • Отбасы.

Әр банктің коммерциялық ипотекалық бағдарламаларының негізгі шарттары:  
– Мерзім – 20 жылға дейін;  
– Бастапқы төлем – 20%-дан бастап;  
– Міндетті пайыздық мөлшерлеме –17,5%-19,5% аралығында.

Отбасы банкінің өз жүйесі бар, онда пайыздық мөлшерлеме 3,5%-10% аралығында болады.

Сонымен қатар, бастапқы нарықтағы үйлер үшін арнайы ипотекалық бағдарламалар да бар, оларда пайыздық мөлшерлеме тиімді шарттармен ұсынылады.

Ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемеге қандай факторлар әсер етеді?

Пайыздық мөлшерлеме әр адам үшін жеке есептеледі, оның мөлшеріне бірнеше фактор әсер етеді. Олар мыналар:  
– Бастапқы төлемнің сомасы;  
– Кредит алу мерзімі;  
– Қарыз алушының несие тарихы.

Қазіргі уақытта ипотека алу үшін бастапқы төлем міндетті түрде қажет. Егер бастапқы жарна болмаса, көптеген банктен ипотека алу қиын. Кейбір жағдайларда бастапқы жарнасыз ипотека алу мүмкін болса, онда кепілге тек сатып алатын үй емес, сонымен қатар басқа жылжымайтын мүлік те қойылуы қажет.

Қазақстанда бастапқы жарнасыз ипотека бар ма?

Егер бастапқы төлемнің мөлшері жоғары болса, пайыздық мөлшерлеме де төмен болады.  

Қазіргі таңда көптеген банкте бастапқы төлемнің ең төменгі мөлшері – үй құнының 20%-ы. Егер қарыз алушының қолында 50%-дан көп ақша болса, онда ипотека бойынша пайыздар азаяды.

Ипотека бойынша шарттарды жақсартудың жолдары

1.Неғұрлым үлкен бастапқы төлем жасаңыз.
Егер сізде 50% немесе одан көп қаражат болса, онда ипотекаға деген пайыздық мөлшерлеме төмендейді.

2.Кредит мерзімін қысқартуды қарастырыңыз.
Егер ипотеканы 1 жыл ішінде жабуды жоспарласаңыз, көп банк пайыздық мөлшерлемені төмендетуге дайын. Бұл әсіресе, банк пен құрылыс компаниялары арасындағы серіктестік бағдарламаларына қатысты.

3.Несие тарихыңыздың жақсы болуы. 
Жақсы несие тарихы мен жоғары кредиттік рейтинг ипотекалық пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне әсер етеді. Ал несие төлемдерін кешіктіру жағдайында, пайыздық мөлшерлеме арта түседі.

Ипотека бойынша артық төлемді қалай азайтуға болады?

1.Кредит тарихыңызды жақсартыңыз.
Үлкен бастапқы төлем жасау және жақсы несие тарихы ипотеканы төмен пайыздық мөлшерлемемен алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ипотеканы қысқа мерзімде және аз пайызбен рәсімдеуге болады.

2.Үйді таңдау.
Алатын үй банк талаптарына сәйкес болуы керек. Егер жаңадан салынған үйлерді іздеп жүрсеңіз, құрылыс компанияларының серіктестік бағдарламаларын таңдаған жөн, себебі олардың шарттары әлдеқайда тиімді.

3.Ипотеканы жалақыңыз түсетін банктен алыңыз.
Егер сіз ипотеканы жалақыңыз түсетін банктен алатын болсаңыз, онда оның шарттары әдетте әлдеқайда тиімді болады. Жалақы картасының иелері үшін пайыздық мөлшерлеме 1-2%-ға төмен болуы мүмкін.

Дереккөз: krisha.kz.