Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
3 желтоқсан, 2024 / Асемай Талғатқызы / Әлем

Солтүстік Кореяны көру үшін Starbucks-қа барсаңыз болады

Оңтүстік Кореяда көрші елдің шекарасына жақын маңда Starbucks кофеханасы ашылды.

Солтүстік Кореяны көру үшін Starbucks-қа барсаңыз болады
Getty Images

Кофехана Aegibong саябағында, Солтүстік Кореяға көрініс ашатын алаңға жақын жерде орналасқан. Кофеханаға кіру үшін келушілер әскери бақылау бекетінен өтуі керек. Бұл туралы Taulik.kz CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters

29 қараша күні ерекше жерде орналасқан бұл кофехананың ашылу салтанатына шамамен 40 адам жиналды. Кафеде 30 адамға арналған орын бар. Кёнгидо провинциясындағы Кимпхо қаласының билігі Aegibong саябағында Starbucks ашу шешімі осы аймаққа туристерді көбірек тарту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, қала билігі мұндай танымал "капиталистік брендтің" КХДР шекарасына жақын орналасуы Корей түбегіндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.

SeongJoon Cho/Bloomberg via Getty Images

Aegibong саябағы 1950-1953 жылдардағы Корея соғысы кезінде қиян-кескі шайқастар өткен төбеде орналасқан. Саябақта шолу алаңынан бөлек, әскери мемориал, бақтар, конференц-орталық және көрме жұмыс істейді. Кофеханадан КХДР шекарасына дейінгі қашықтық бар болғаны 1,5 шақырым. Starbucks терезелерінен КХДР аумағындағы сөнген Сонгаксан жанартауы мен Солтүстік Кореяның шекаралас ауылына көрініс ашылады.

Getty Images