Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
5 желтоқсан, 2024 / taulik / Мәдениет

Төрт баласын жалғыз өсіріп отырған Динаның арманы қандай? (ВИДЕО)

Төрт баланың анасы Динаның арманы – Қазақстан азаматтығын алу.

Төрт баласын жалғыз өсіріп отырған Динаның арманы қандай? (ВИДЕО)

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылына қарасты Сокол атты шағын саяжайда тұратын Дина 4 баланың анасы. Жолдасынан айырылған ол Қарақалпақстаннан көшіп келген.

Режиссер Тілек Ырысбектің бұл деректі фильмінде Динаның шынайы бейнесі көрсетілген. Фильмде Динаның өмірі мен көрген қиындығы көрініс тапқан.

Динаның айтуынша, ол Қазақстанға келіп, азаматтығын алмақ болғанда бәз біреулер оның құжаттарын алып, «жасап береміз» деп алдап кеткен. Содан бері құжаты жоқ ана төрт баласын асырау үшін күні-түні жұмыс істейді. Ең ауыры сонда, ұлын мектепте жүрген кезде он бес оқушы жабылып ұрып, жынды қылып қойған. Сондағысы байқамай қатарластарының бірінің аяғын басып кеткен. Екінші ұлы да мүгедек.

Жас кезінде ән айтып, би билеп, өлең де жазған Динаның арманы да сол жастық шағындағы болмысына оралу. Ән айту, өлең жазу.

«Қазақстанда менің болашағым жоқ шығар, бірақ балаларымның болашағын көргім келеді», - деген ананың ендігі өмірі төрт құлынын өсіру, жеткізу.