logo
search
menu

11 қазақстандық сарбаздың Беларуське не үшін жіберілгені белгілі болды

Сарбаздардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
29 тамыз, 2023
11 қазақстандық сарбаздың Беларуське не үшін жіберілгені белгілі болды

Мазмұны

    Министр "Қазақстанның Беларуське техникалар жібергені" туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды taulik.kz Informburo-ға сілтеме жасап

    Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін қарулы күштердің 11 сарбазы Беларуське жіберілді, деп мәлімдеді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. 

    Министр "Қазақстанның Беларуське техникалар жібергені" туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

    "Әлеуметтік желіде тараған Қазақстан Беларусь еліне броньды техника жібергені туралы ақпарат жалған. Нақты 11 адамнан құралған топ жіберілді. Бұл органның жұмысы", – деді ол. 

    Мұнымен қатар ол жіберілген сарбаздардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты. 

    "Беларусь бейбіт ел әрі ол ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ, – деді Руслан Жақсылықов.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы