Қазақстан Ресейді айналып өту үшін мұнай экспортының баламалы жолдарын іздеп жатыр

"ҚазМұнайГаз" бөлімшесі Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдау үшін әрқайсысы 8 000 тонна дедвейтті екі танкер сатып алған

ашық дереккөзі

Қазақстан өз мұнайын Каспий және Қара теңіз арқылы тасымалдауға танкерлерді белсенді сатып алып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрінің орынбасары Ерлан Ақкенженов "ҚазМұнайГаз" бөлімшесі Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдау үшін әрқайсысы 8 000 тонна дедвейтті екі танкер сатып алғанын мәлімдеді. Әрқайсысы 80 мың тонна дедвейтті тағы екі кемені Қара теңізде жұмыс істеу үшін сатып алу жоспарлануда.

"Қазақстан билігі мен еліміздің ірі мемлекеттік компанияларының басшылығы мұнай жеткізу бағыттарының баламалы нұсқаларын зерттеп жатыр. Ресей арқылы өтетін Каспий құбыр консорциумы елдің мұнай экспорты үшін ең тиімді бағыт болып қала беретініне қарамастан осылай жасалып жатыр", –  деді сарапшылар.

 

Loading...