Мәзір
6 қыркүйек, 2023 / taulik / Қоғам

Түркияда тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Белгілі журналист Арайлым Бағытжанның жұбайы қайтыс болды

Түркияда тағы бір қазақстандық қайтыс болды Түркияда тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды, деп хабарлады Taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Бүгін оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасты.

Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматы. Қайғылы жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл айтқан болатын.

 

Апта талқысында: