Бүгінде еліміздің бірқатар қалаларында жылу беру маусымы басталып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Қазақстанның бірқатар өңірінде жылу беру маусымы басталды. Дәстүр бойынша батареялар алдымен әлеуметтік нысандар – емханалар, мектептер, балабақшаларда қызады. Осы аптада күн жылы болады деп кім күтеді",- деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
ШҚО, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жылу беру басталып кетсе, өзге облыстарға жылу қазан айында толық берілетін болады.
▪️10-15 қазан аралығында Ұлытау, Алматы, БҚО, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылу берілмек.
▪️20 қазанда Шымкентте жылу беру маусымы басталады деп жоспарлануда.
▪️25 қазан – Түркістан облысында беріледі.