Мәзір

Маралды тұрғыны: Компания экологияға қауіпті жобаға мемлекеттен рұқсат алған

Маралды халқы табиғатқа зияны көп фабриканың салынуына қарсы

Маралды тұрғыны: Компания экологияға қауіпті жобаға мемлекеттен рұқсат алған Маралды тұрғыны: Компания экологияға қауіпті жобаға мемлекеттен рұқсат алған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің аумағында кен өндіруді және цианидті пайдаланатын алтын өндіру фабрикасының құрылысын тоқтатуды талап ету мақсатында Маралды халқы президентке үндеу тастады.

Халық жолдаған үндеу мәтінінде фабрика Күршім өзеніне одан әрі трансұлттық Ертіс құятын Маралды өзенінің маңында (500−800 м) Маралды ауылының тура үстіндегі тауда салынып жатыр. Бұл аймақ Қазақстанның ірі сулы жасыл массивін құрайды, өсімдіктері, жануарлары мен балықтары Қызыл кітапқа енгізілгені айтылған.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, таулы аймақта цианидті пайдаланып зауыт салу үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік тарихта мысалдар жеткілікті: мысалы, 2000 жылы Румынияның Байя-Маре қаласындағы осындай алтын өндіру зауытында Дунай өзеніне цианид ағып, апат болды. ЕуроОдақ бұл апатты Еуропадағы Чернобыль атом электр станциясының апатынан кейінгі экологиялық ең қауіпті апат деп санады. 2,5 миллионға жуық еуропалық азаматтар тұтынған су ішуге жарамсыз болып шықты және Тиса өзенінің сол ластанған бөлігінде барлық тірішілік иелері өлген. Тағы бір оқиға 1998 жылы Қырғыз Республикасында Құмтөр кең орнында болды. Алтын өндіруші компанияның жүк көлігі өзеннен өтетін көпірде апатқа ұшырап, 1740 кг цианид Барысқын өзеніне төгілді, соның кесірінен 17 мыңға жуық адам зардап шекті, бірнеше адам шығыны да болған. Тағы да 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Секисовка ауылындағы оқиғаны айтуға болады. Елді-мекенге жақын орналасқан алтын өндіру зауытында бөгет бұзылып, соның салдарынан Секисовка өзеніне цианид ағып, қоршаған ортаға және су ресурстарына орасан зор залал келтірілді, бірақ бұл жағдай әлі дұрыс бағаланбай келеді.

Фабрика салғысы келетін компания 2021 жылы ғана тіркелген, яғни бұл салада тәжірибесі жоқ болса да экологияға қауіпті жобаға мемлекеттік органдардан рұқсат алған.

 Сондай-ақ, аталған нысанға жер телімдерін беру кезінде Экология кодексінің, «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның, Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталды, бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің аудиторлық тексеруімен расталды. Жергілікті тұрғындардың пікірлері де ( түбегейлі қарсы екенін көптеген Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерінен көруге болады) ескерілмеген.

Апта талқысында: