Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

«ӨКМ операторы» ісі бойынша Әлия Назарбаева соттала ма?

Әлия Назарбаева сот отырысына да шақырылмаған

«ӨКМ операторы» ісі бойынша Әлия Назарбаева соттала ма?

Әлия Назарбаева "ӨКМ операторына" қатысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратура Tengrinews.kz сайты жолдаған ресми сауалына берген жауабында, Назарбаевадан сотта жауап алынған жоқ деседі.

"Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек "ӨКМ операторы" ЖШС-де ақша жымқырғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

А. Назарбаева бұл қылмыстық іске процеске қатысушы ретінде тартылған жоқ және жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.