Шұғыл: Әйелдерге көшеде жалғыз жүрмеу туралы хабарлама тарады

WhatsApp мессенджерінде қыздар мен әйелдерге ескерту жазылған хабарлама тарады

WhatsApp мессенджерінде қыздар мен әйелдерге ескерту жазылған хабарлама тарады , - деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі Stopfake.kzпорталына сілтеме жасап.

"Көшеде жылап тұрған балалардың қыздарды қаскүнемдерге ертіп апаратыны туралы хабарламалар алғаш рет Желінің ағылшын тілді сегментінде 2005 жылдың басында, яғни 18 жылдан аса уақыт бұрын шыққан. Ол кезде мәтін SMS-хабарлама түрінде тараған. 2010 жылғы ақпарат қазіргі хабарламаға ұқсайды, бірақ ол әртүрлі тілдерде тарады. Онда мекенжай жазылған қағаз ұстап тұрған бала көрсеңіз, оны тікелей полицияға апару керек екені туралы айтылады", - делінген хабарламада.

2015 жылы хабарлама Ресей мен Қазақстанға жетті. Екі елдің Ішкі істер министрліктері ақпараттың фейк екенін және мұндай жағдайлар еш жерде тіркелмегенін хабарлады. 

2017 және 2021 жылдары хабарламаны ресейлік пайдаланушылар қайта тарата бастаған. Оны ІІМ тағы да теріске шығарып, бұл оқиға интернеттегі қорқынышты әңгіме деп мәлімдеді.

Портал мәліметінше, тараған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. 

Loading...