Алматы облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген 40 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Аталған іс жөнінде Балқаш ауданының тұрғыны ауылдасының қызына сексуалдық әрекеттер жасағанын хабарлаған.
«Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен жедел қызметкерлер 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР Қылмысық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-баптың 4 - бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері).
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 1981 жылғы жәбірленушінің апасы болып табылатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды», - деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.