Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын

69 келіде қазақстандық Нұржан Батырбеков чемпион атанды

Азия ойындарында джиу-джитсудан 69 келіде қазақстандық Нұржан Батырбеков чемпион атанды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ол финалда Мохамед Әлсуаидиды (БАӘ) жеңді. Екі спортшы да 21 жаста. 

Сондай-ақ бұл спорттан Алдияр Серік (69 кг), Мансұр Хабибулла (62 кг) қола медаль алды. 

Taulik.kz

Loading...