Қазақстанда тағы бірнеше жол ақылы болады

Жүйе әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен

Қазақстанда 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Осылайша, бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ алда 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни: 

2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт"; 

2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара"; 

2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы"; 

2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

"Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

  1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км; 
  2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км; 
  3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км; 
  4. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км; 
  5. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

"Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады", - деп хабарлады компаниядан. 

 

Loading...