Құмар ойынға тәуелділерге несие беру тоқтатыла ма?

Сауал қоғамдық талқылауға түсті.

Елімізде құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тоқтатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Taulik.kz.

Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Сауал қоғамдық талқылауға түсті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойын ойнайтын адамдардың төлем қабілеттілігін бағалауды ұсынып отыр.

Қарыз алушының төлем қабілеттілігі былай бағаланады.

"Атаулы әлеуметтік көмек алушыға немесе ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаға тән белгілері бар қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми кірісі бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға үштен аса төлем жасаған жеке тұлға анықталған", - делінген жарлық жобасында.

Loading...