Мәзір

Мерзімі өткен йогурт: Мектепте оқушылар не жейді?

Министр Қазақстанда Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету бойынша қажетті заңнамалық-құқықтық актілер қабылданғанын атап өтті.

Мерзімі өткен йогурт: Мектепте оқушылар не жейді? Мерзімі өткен йогурт: Мектепте оқушылар не жейді?

Білім министрі Ғани Бейсембаев мектептерде оқушыларға берілетін тағам сапасына тексеру жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр Қазақстанда Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету бойынша қажетті заңнамалық-құқықтық актілер қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар оларды қатаң сақтауы тиіс.

"25 қыркүйектен кейін мен еліміздің барлық білім беру ұйымдары бойынша ұсынылатын тағам сапасына мониторинг жүргізуді тапсырдым. Қазір комиссия жұмысты аяқтап қалды – біз қандай ескертулер барын көріп отырмыз. Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға жауапты тұлғалар жол берген болса, тиісті шаралар қолданамыз", – деді Бейсембаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, жуырда Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл мектептерінің бірінде бастауыш сынып оқушыларына  жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берілгені анықталды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілген.

Апта талқысында: