Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Көлік салығына өзгерістер енгізілмек

Жаңа өзгерістер салық кодексі аясында жүзеге асады

Көлік салығына өзгерістер енгізілмек

Елде көлік салығына өзгертулер енгізілмек, деп хабарлайды Taulik.kz.

Aqshanews арнасының жазуынша, қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін қосымша төлем алынып тасталуы мүмкін. Қазір Үкімет толыққанды есептеулер жүргізіп жатыр.  Бұған дейін аталған мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрлігі түсініктеме берген.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жаңа Салық кодексі аясында жүзеге асырылмақ. Яғни, Үкіметте көлік салығын жанармайға арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқыланып жатыр. Министрлік өкілдері бұл мәселені әлі де тыңғылықты қарастырады. Себебі көлік салығын жанармайға арналған акцизге ауыстырған жағдай аталған отын бағасы қымбаттай бастауы мүмкін. Қазір елде 80 млрд теңге көлік салығы есебінен жиналады.