Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды. Әзірге оның биіктен өзі секіргені немесе біреудің итеріп жібергені белгісіз, деп хабарлайды taulik.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ақтаудағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірінде болды. 13-қабаттан құлаған қыз сол сәтте жан тапсырған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді полицейлер. Алайда нақты көз жеткізу үшін сот-медициналық сараптама жасалады. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім осы үйде туысқанының қолында тұрған. Үш жылдан бері отбасылық жанжал немесе ұрыс-керісті байқамадық дейді көршілері.
«Шақыртуға жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнында денесінде зорлық-зомбылық ізі жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл деректі Ақтау полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.