Белгілі актер Асқар Жұмабеков басына іс түскенін айтып, Мемлекет басшысына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды taulik.kz.
"Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, құрметті Президент, сізден өтініп, көмек сұрағым келіп тұр. Мына видеоны түсіруге мәжбүр болып тұрмын. Себебі басымда бір іс болып жатыр. Құрметті сот, өзім халықтың алдында жүрген адаммын, өнер адамымын, актермін. Сол себепті осы видео сізге жетеді деген үміттемін", - деді актер.