Петропавл әкімдігі 8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болған

Мониторинг аясында 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Ашық дереккөз

Петропавл қаласының әкімдігі 8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болған, деп хабарлайды taulik.kz СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алулар сайтына жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

"Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрін 35 000 теңгеге сатып алу жоспарланған кілемдерді сатып алу бағасын қайта қарады, нәтижесінде, 7,8 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану әрекеті тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Loading...