Алматыда жас қыз жоғары қабаттан құлап, мерт болды

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады

Алматыда жас қыз «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнына фото мен бейнежазбалар тарады. Онда марқұмның "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Loading...