Мысықты швабрамен ұрып өлтірген Ақтау тұрғыны қандай жаза алды?

Кінәсі үшін бұл жаза лайық па?

12 қазанда Ақтау қалалық сотында жануарды асқан қатыгездікпен өлтірген А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қылмыстық істі тексеру барысында, оқиға болған күні кеште айыпталушы мысықтың басынан және денесінен аяусыз күшпен, швабрамен ұрып тастап кеткен. 

Тергеу амалдарын жүргізген кезде айыпталушы кінәсін толық мойындаған.

 

“Жануарға қатыгездікпен қарау, оның өліміне әкеп соққаны үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді”, – делінген хабарламада.

Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

"Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

 

 

Loading...