logo
search
menu

«Тұман, үсік жүреді» : 16 қазанға ауа райы болжамы

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал
16 қазан, 2023
«Тұман, үсік жүреді» : 16 қазанға ауа райы болжамы
ашық дереккөзден

Синоптиктер 16 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Taulik.kz "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Метеорологтардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы