Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Несіпбек Айтұлы 73 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған.
Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.
2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.
Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры.
Соңғы жылдары «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған. Ақынның елеулі қызметі мен ән-өлең жанрына қосқан үлесі үшін туған жері ауданның құрметті азаматы атағын берген