Медициналық сақтандырусыз енді көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

Министр бұл ұсыныс әлемдік тәжірибеде бар екенін, және көп елдер қолданатынын айтты.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық сақтандырудың болуы туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл ұсыныс әлемдік тәжірибеде бар екенін, және көп елдер қолданатынын айтты.

"Бұл әлемдік тәжірибе. Жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, медициналық сақтандыруды талап етеді. Өкінішке қарай, елімізде жылына 3 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Жол апаттары көп. Әсіресе жастар жағы оының салдарынан өмірден озып жатыр. Оның ішінде балалар да бар. Адамдар ауыр халде жеткізіледі. Осындай жағдайға тап болғанда, адам сақтандырылған ба деп сұраудың өзі әрине медицина қызметкері үшін де оңай емес. Әринек көмек көрсетіледі. Бірақ медицина қызметкерлерінің науқас сақтандырылған ба, жоқ па деп сұрауы жақсы деп ойлайсыз ба? Мұның бәрі денсаулыққа байланысты", - деді министр.

Loading...