Газа секторында қазақстандықтар қаза тапты. Бұл туралы Taulik.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Тарек Алянның facebook парақшасынан
Газа секторында тұратын палестиналық журналист Тарек Алян қазанның 22-сі күні қайтыс болған қазақ әйелімен жеке таныс болғанын айтты.
Журналистің айтуынша, әйелдің есімі Юлия. Ол Қазақстанның тумасы. 90-жылдары Газа секторына көшіп, жергілікті тұрғынға тұрмысқа шыққан. Ал өзінің ата-анасы Ресейде тұрады екен. Қазақстандық әйелдің төрт баласы, екі ұл, екі қызы болған. Үлкен қызы шетелге тұрмысқа шыққан. Ал жақын арада тұрмысқа шығуды жоспарлаған кішісі анасымен бірге қаза тапты.
"Екі күн бұрын олар тұратын Газа секторының орталығындағы Дейр әл-Балах қаласына израильдік әуе күштерінің бірнеше әуе шабуылдары болды. Зымырандардың бірі олардың үйіне түскен. Ол жерде Юлияның күйеуінің туыстары, әйелдер мен балалар болған. Біздің әдет-ғұрып бойынша ерлер мен әйелдер бөлек тұрады. Сондықтан бұл кезде үйде тек әйелдер болған. Жалпы 18 адам қайтыс болды. Олардың арасында Юлия мен оның кіші қызы Лина да бар. Олардың денелері үйінді астынан шығарылды", - деді Тарек Алян.
Сыртқы істер министрлігі бір күн бұрын Қазақстан азаматы мен оның Палестина азаматы болған 23 жастағы қаза тапқанын растады.