2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жетті, деп хабарлады taulik.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.
Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.