Мәзір

Белгісіз ер адам халыққа оқ атып, 22 адам қаза тапты

Полиция X желісіндегі хабарламада «Льюистонда қауіпті мерген жүргенін» ескертіп, тұрғындарға қауіпсіз орындарда жасырынуға кеңес берді.

Белгісіз ер адам халыққа оқ атып, 22 адам қаза тапты Белгісіз ер адам халыққа оқ атып, 22 адам қаза тапты

АҚШ-тың Льюистон қаласында (Мэн штаты) белгісіз біреу жұртқа оқ атқан. Кейінгі мәлімет бойынша, кемінде 22 адам опат болды. Бұл жөнінде CNN және NBC News хабарлады. Кемінде 60 адам жарақаттанған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Полиция шабуылдаушының аты-жөнін анықтаған – бұл 40 жастағы Роберт Кард. Андроскоггин округының шерифі күдіктінің суретін жариялады. Онда ер адамның айналасына винтовка кезеп тұрғаны көрінеді. Полицияның мәліметінше, күдікті әлі бостандықта жүр. Ол Subaru Outback көлігімен жүрген болуы ықтимал. 

Полиция X желісіндегі хабарламада "Льюистонда қауіпті мерген жүргенін" ескертіп, тұрғындарға қауіпсіз орындарда жасырынуға кеңес берді. 

Полиция мәліметіне сүйенген The Sun Journal басылымы Льюистонда үш түрлі орында атыс болғанын хабарлады. 

NBC News дереккөзінің айтуынша, шабуылдаушының қылмыс әлемімен байланысы болуы мүмкін, алайда оның жұртқа оқ ату себебі белгісіз. 

Ақ үйдің хабарлауынша, президент Дж Байденге атыс туралы хабар берілген және соңғы түскен ақпараттар жеткізіліп жатыр.

 

Апта талқысында: