Қарағандыда шахта жарылысы: қаза тапқандар саны 28-ге жетті

Қаза тапқандар саны тағы да артты

ашық дереккөзден

Сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Taulik.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында апаттық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ЖШС Республикалық орталық штабының Қарағанды ​​филиалының тау-кен құтқарушылары тартылуда.

Еске саламыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді.

Сондай-ақ, 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланады.

Құтқарушылардың айтуынша, көзге көрінетін өрт ошақтары жоқ. Газ жағдайы бақылауда, сынамалар алынып, мәйіттерді жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жекелеген орындарда көміртегі тотығының концентрациясы рұқсат етілген нормадан асып кеткен, деп хабарлады ведомство өкілдері.

Loading...