logo
search
menu

Статистика бюросы: Халық жаппай қалаға көшуде

Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% - қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам)", - делінген хабарламада.
30 қазан, 2023
Статистика бюросы: Халық жаппай қалаға көшуде

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялады.

Мамандар санақ қорытындысы бойынша елімізде қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өскенін мәлімдеді.  – 56,1%-дан 61,2% дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8% дейін азайды.

"Қала халқының саны 2,7 млн-нан астам адамға артты. Өткен 12 жыл ішінде қала халқының ең жоғары өсімі еліміздің 6 өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалды.

Ең урбанизацияланған аймақ – Қарағанды облысы, онда халықтың 80% - қала тұрғындары (1 млн-нан астам адам)", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша, санақ кезінде Астанада 1,23 млн адам тұрды, елорда халқы 12 жылда 2 есе өсті. Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындарының саны 580,6 мың адамға артты. Шымкент қаласының халқы 1,1 млн тұрғынды құрап, 381,6 мың адамға өсті.

user

Інжу Өмірзақ

Taulik.kz тілшісі