«Anadolu» басылымы Түркия Президенті Реджеп Ердоған Стамбулда өткен Құдысты қолдаушы митингке қатысып, Израильді «оккупант» деп атады деп жазады. Аталған басылым Ердоғанның сөздерінен үзінділер жариялады. Бұл туралы Mezgil.kz жазды.
«Израиль сен бұл жаққа қалай келдің? Бұл жерде қалай төбе көрсеттің? Сен оккупантсың. Сен мемлекет емес, құр жай ғана шашыраған топсың. Батыс сенің алдыңда әлденеге міндетті шығар? Ал, біз сенің алдыңда ештеңкеге міндетті емеспіз. Сол себепті біз осы сөздерді айта аламыз. Өкінішке орай, әрбір Батыс елі саған әлденеге міндетті», -деген Ердоған, Түркия Израильді бүкіл әлемге «әскери қылмыскер» деп жариялауға бел шешіп отырғандығын алға тарта келе, Израильдің бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылын ештеңемен ақтап алуға болмайды дегенді қосты.
Ердоғанның мына сөзі тым шымбайға батырып айтқандықты танытады:
«Әй, Батыс! Мен саған қарата айтамын! Сіздер шармақ (крест) пен жарты ай арасындағы соғысты қалайсыңдар ма? Онда біле жүріңдер, бұл халық тірі, ол қасқайып қарсы тұра алады. Біз Ливияда, Қарабақта қалай болсақ, Таяу Шығыста тап солай боламыз. Газада орын алған қанды қырғынның басты құнкері бұл – Батыс.
Украина мен Ресей арасындағы соғыста көз жұмғандар үшін көз жасын көл еткен Батыс елдері Газадағы мыңдаған сәбилердің өліміне еш қабырғасы қайыспайды. Егер Украинаға қатысты етегің жасқа толып зар еңіресең, Газаға қатысты тап осындавй етіп, көз жастарыңды неге көлдетпейсіңдер?», - деп әр мұсылманның жүрегіндегі ақ адал сөзді паш етті.
Бұл мәлімдемеге шарт сынған Израиль Түркиядағы елшілерін кері шақырып алды.