Болат Назарбаев Израиль клиникаларында ота жасатқаны белгілі болды

Болат Назарбаев Алматы, Германия және Израиль клиникаларында көптеген ота жасатқанын белгілі болды.

Әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың арбада отырған суреті тарады. Суретте ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев және тағы да бейтаныс адамдармен түскен. Бұл туралы Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз, бірақ бұл жаңалық Болат Назарбаевтың ауруханаға түсіп қалғаны айтылғаннан кейін пайда болды.  

Сонымен қатар, желі қолданушылары өздерінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, экс-президенттің інісінің жағдайы тұрақсыз деп бағаланғанын және оның өмір мен өлімнің алдында тұрғанын хабарлайды.

Тұңғыш президенттің бауырының жағдайы туралы қауесет баяғыда тараған, Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны және жасырын жерлеу жоспарланғаны туралы да ақпарат болған. Бірақ әр жолы Назарбаевтың айналасындағылар ол ақпараттарды жоққа шығарды. Orda.kz порталының дереккөзі Болат Назарбаев Алматы, Германия және Израиль клиникаларында көптеген ота жасатқанын хабарлады.

Loading...