logo
search
menu

Кәрім Мәсімовтың үстінен тағы қылмыстық іс қозғалды

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясымен тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласындағы ҰҚК оқшаулау орнына жеткізілген.
14 қараша, 2023
Кәрім Мәсімовтың үстінен тағы қылмыстық іс қозғалды

Мазмұны

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың үстінен тағы қылмыстық іс қозғалды.

    К.Мәсімовке қатысты ҰҚК 218 бабы «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) және 366 «ірі мөлшерде пара алу» баптарында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр», - делінген ҰКҚ ресми өкілінің Ulysmedia тілшісіне берген жауабында.

    Осыған байланысты Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясымен тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласындағы ҰҚК оқшаулау орнына жеткізілген.

     

     

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі