logo
search
menu

Қазақтар АҚШ-тан қуылуда: ІСМ мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қазақстандықтардың АҚШ-тан депортациялануы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

24 ақпан, 2025
Қазақтар АҚШ-тан қуылуда: ІСМ мәлімдеме жасады

Мазмұны

    АҚШ-тың Иммиграция және кеден қызметінің (ICE) мәліметінше, 2024 жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша депортациялау тізімінде 369 қазақстандық бар. Бұл туралы Taulik.kz тілшісі хабарлайды. 

    Сенат отырысында журналистер вице-министр Әлібек Бақаевтан олардың елге оралу жағдайын сұрады.

    «Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына олардың АҚШ-та заңсыз жүргендерін және Америка Құрама Штаттары кез-келген уақытта оларға шара қолдана алатынын алдын-ала ескерткен болатынбыз», - деді Бақаев.

    Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін АҚШ-тың шекара қауіпсіздігін нығайту мақсатында және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған көші-қон саясатының қатаңдатылуына байланысты Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мәлімдеме жасаған болатын.