Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше салаға жаңа министрлер тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының cауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.