Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
6 қыркүйек, 2023 / taulik / Қоғам

Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Қазақстанға жеткізілді

Тергеу аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүлкі тәркіленді

Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Қазақстанға жеткізілді
Сурет ҰҚК-нен

Болат Назарбаев басшылық еткен компанияның  "BN Invest қаржы-өнеркәсіп Холдингі" ЖШС директорының орынбасары болған Қоспаев пен қылмыстық тобы ұсталып, Қазақстанға жеткізілді деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл адамдарға, яғни ОПГ-ның 11 мүшесіне халықаралық іздеу жарияланған. Себебі астыртын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, рейдерлік жасады деген күдікке ілінген.

  

Тергеу барысында олар күш қолдану және қорқыту арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, серіктестіктердегі үлестерін тартып алған, сонымен қатар көлеңкелі бизнеспен айналысқаны белгілі болды. Тергеу аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық жолмен табылған 133 жылжымайтын мүлік нысаны, 11 жер телімі, 35 премиум маркалы автокөлік және 9 млн доллар қолма-қол ақша тәркіленді.

ҰҚК-нің жедел іс-шаралар ұйымдастыруымен топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтап, сәйкестендіру арқылы оларды ұстау мүмкін болды.

«Күдікті адамдар ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді», – делінген хабарламада.