Боранбаевтан тәркіленген жүздеген миллиард қайда жұмсалады?

Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ашық дереккөз

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтан тәркіленген қаржы қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды көрдіңіздер. Осы заң аясында біз жақында арнайы компания құрды, бұл мәселелерге сол компания басшылық етеді. Қажет болса, біз ақшаны басқаруға береміз немесе мүлікті өткізіп, ақшаны арнайы шотқа аударамыз. Егер бұл әрекет аталған заңға қатысты болмаса, онда процесстік шешім бар. Тиісінше олар мүліктерді  мемлекетке өткізеді», - деді министр.

Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Боранбаевтан мемлекет кірісіне:

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және  686 млн теңгенің жер учаскесі;

банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат;

Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленді.

Loading...