Оқушылар қараша айында қанша күн демалады

Демалыс күндерінде қандай өзгерістер бар?

ашық дереккөзден

 

Білім министрлігі биылғы оқу жылының демалыс күндерін бекітті, деп хабарлайды Taulik.kz.

7 күнге созылатын күзгі демалыстар 30 қазан мен 5 қарашаны қоса алғанда өтеді. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан басталып, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.
11 күндік көктемгі демалыс 21 наурызда басталып, 31 наурызға дейін жалғасады.

Бірінші сынып оқушыларына үшінші тоқсанда ұзақтығы 7 күнді құрайтын демалыс беріледі.

Ал 25 мамырда оқушылардың жылдық үлгерімін қорытып, оқу жылы аяқталады.

 

 

Loading...