logo
search
menu

Еліміз Азия ойындарының медаль кестесінде ондыққа кірді

Бүгінгі жарыста Қазақстан спортшылары бір алтын, үш күміс және үш қола жеңіп алды.
6 қазан, 2023
Еліміз Азия ойындарының медаль кестесінде ондыққа кірді
Ашық дереккөз

Мазмұны

    Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Жалпы 2023 жылғы Азия ойындарында отандық спортшылар қоржынында 68 медаль бар: 9 алтын, 18 күміс және 41 қола. Жалпыкомандалық медальдық есепте Қазақстан 10-шы орында.

    Құрлық біріншілігінің абсолютті көшбасшысы – Қытай, оның спортшылары 353 медаль (187 алтын, 104 күміс және 62 қола) жеңіп алған.

    Медаль есебінде Жапония 166 медальмен (47 алтын, 57 күміс және 62 қола) екінші орында.

    Үшінші орында – Оңтүстік Корея, оның қоржынында 169 медаль (36 алтын, 49 күміс және 84 қола) бар.

    Посткеңестік елдер арасында Өзбекстан бұрынғыдай көш бастап тұр, ол бесінші орында (64 медаль; 20 алтын, 18 күміс және 26 қола).

    Медаль тізімінде Қазақстаннан төмен Қырғызстан – 16-шы орын (13 медаль; 4-2-7), Тәжікстан – 24-орын (7 медаль; 2-1-4) және Түрікменстан – 29-орын (5 медаль; 0-1 -4) тұр.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы