logo
search
menu

IDF: Сенбіден бері Газаға 6000 бомба тасталды

Израиль тастаған бомбалардың жалпы салмағы 4 тоннаны құрайды
12 қазан, 2023
IDF: Сенбіден бері Газаға 6000 бомба тасталды

Мазмұны

    Сенбіден бері Газаға 6000 бомба тасталған. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) өкілі хабарлады.

    Палестиналық содырлар елге шабуыл жасаған сенбіден бері Газа секторындағы исламшыл нысандарға 6 мыңға жуық әуе бомбасы лақтырылды.

    Бұл туралы контр-адмирал Даниэль Хагари X әлеуметтік желісінде түтін бұлттары қоршаған ғимараттағы жарылыс бейнеленген видеомен бірге хабарлама жариялады.

    Хагаридің айтуынша, Израиль тастаған бомбалардың жалпы салмағы шамамен 4 мың тоннаны құрайды.

    «Бұл шабуылдар кезінде жүздеген террорист өлтірілді. 3600-ден астам нысанаға соққы берілді. Шабуылға ұшыраған нысандардың арасында басқару пункттері, стратегиялық әскери инфрақұрылым, оқ-дәрі шығаратын орындар, барлау орталықтары, теңіз қондырғылары мен зымыран арсеналдары бар», - деді Даниэль Хагари.