logo
search
menu

Қарағанды облысының тұрғыны әйелін ұрып өлтірген

Марқұмның мәйіті 11 қазанға қараған түні пәтерінен табылған.
Бүгін, 06:20
Қарағанды облысының тұрғыны әйелін ұрып өлтірген
Ашық дереккөз

Мазмұны

    Қарағанды облысындағы Абай қаласында 35 жастағы ер адам әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды taulik.kz.

    Қылмыс болған күні 10 жасар ұлдары әжесінің үйінде болған. Ал 13 жастағы қыздары өз бөлмесінде отырғанда, Ольганы күйеуі ұрып тастаған. Әйел қызының көз алдында жан тапсырды. 

    Марқұмның мәйіті 11 қазанға қараған түні пәтерінен табылған. Ал әйелдің өліміне қатысты 35 жастағы күйеуі қамауға алынды.  

    Күдікті қамауға алынған. Алдағы уақытта оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады. Әйелдің өлімінің нақты себебін анықтау үшін іс бойынша сараптама тағайындалды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы