logo
search
menu

Спортшы қыздың өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

Валерия Шальнованың денесі Ақтаудағы су каналының маңынан табылған еді
Бүгін, 10:21
Спортшы қыздың өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтаулық спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты қылмыстық іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі  сотына жолданды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Аталған жағдай 2 шілде күні орын алған. 21 жастағы спортшы қыз Валерия Шальнованың денесі Ақтаудағы су каналының маңынан табылды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (тонау) және 121-бабы 1-бөлігі (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер), 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы (зорлау және кісі өлтіру) бойынша жолданған.

«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 24-бабына сәйкес істі дұрыс шешу және мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп жазылған хабарламада.

 

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы