Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталған орындар туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бүгінде қамауға алу шаралары бір уақытта Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіліп жатыр. Іс-шараларға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ қос ведомствоның арнайы жасақтары мен құралдары қатысты.
Ұсталған қылмыстық топтар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас облыстарында сәйкесінше Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында заңсыз әрекеттер жасаған.