Азиада жеңімпазы Тоқаевты тойына шақырды

Әсем Орынбай президентті қараша айында өтетін тойына шақырды.

pleaseeasaur.com

XIX жазғы Азия ойындарының стенд атудан екі дүркін жеңімпазы және қола жүлдегері Әсем Орынбай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты тойына шақырды, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әсем Орынбай президенттің Азиада жүлдегерлерімен кездесуінде сөз сөйлеп, Азия ойындарында бәсекелестік өте жоғары болғанын атап өтті.

«Біз қалайда жеңіске жетуіміз керек деп өзімізге мақсат қойдық. Бүгін сол мақсатымызға жетіп отырмыз. Бұл жолда бізбен бірге жаттықтырушылар және спорт саласындағы мамандар тер төкті. Дайындыққа федерация да көп үлес қосты. Сондықтан, бұл біздің ортақ жеңісіміз деп білемін», - дейді Әсем Орынбай.

Спортшы Азия ойындарында жеңіске жетуіне үлес қосқан жандарға алғысын айтып, Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетуге уәде берді.

Бұдан кейін Әсем Орынбай президентті қараша айында өтетін тойына шақырды.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен осы спорттың арқасында өзімнің болашақ жарымды кездестірдім. Ол да спортшы. Осы қараша айында тойымыз болады. Сізді тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз», - дейді спортшы ару.

Loading...