Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жек өткізуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Ашық дереккөз

Ресейлік «неКАРАтэ» Youtube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын арада мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, деп жазады taulik.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстаннан тағы бір белбеу біріктірген чемпион шықты «Qazaq Style». Әрі қарай не болады? Көреміз. Мүмкін Чарло. Тіпті Альваресті де «қазақ стилі» қызықтыратын шығар. Өйткені Головкинмен трилогия жасады – мүмкін ол Әлімханұлына да назар аударатын шығар", – дейді арна авторы.

Loading...