logo
search
menu

Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген әлем чемпионымен жұдырықтасады

Жекпе-жек Астана уақытымен 15 қазан таңертең өтеді
12 қазан, 2023
Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген әлем чемпионымен жұдырықтасады
Top Rank

Мазмұны

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы спорттық мансабында алғаш рет басқа әлем чемпионымен біріккен жекпе-жек өткізеді. Орта салмақтағы WBO чемпионының қарсыласы IBF белбеуінің иегері, германиялық Винченцо Гуальтьери болмақ, деп хабарлайды taulik.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

    Әлімханұлы-Гуальтери айқасы – Розенбергтегі (Техас штаты) Fort Bend Community Center аренасындағы бокс кешінің негізгі оқиғасы. Жекпе-жек Астана уақытымен 15 қазан таңертең өтеді. Qazsport телеарнасы Әлімханұлы-Гуальтери бокс кешін 6:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді, басты жекпе-жек қатысушылары рингке 9:00-ден кейін шығады.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы